СҚО мектептерінде ағылшын тілінің оқытылуы белсенді жүріп жатыр - Білім басқармасы (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында екі мектеп 12 жылдық білім беру жүйесіне өтіп, қазіргі кезде ағылшын тілін бастауыш сыныптардың 22 мыңнан астам оқушысы оқиды, деді Орталық коммуникациялар орталығының аймақтық филиалында өткен брифингте СҚО Білім басқармасының басшысы Шолпан Кәрінова.

«Орыс тілінде оқытатын мектептердегі 1-11 сыныптары үшін қазақ тілінің деңгейлі оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерінің сыналуы Айыртау ауданының Имантау орта мектебінде және Петропавл қаласының № 26 орта мектебінде жүргізіліп жатыр. Қазақ әдебиеті мемлекеттік тілде өтеді. Облыстағы үш мектеп (қазақ-түрік лицейі, дарынды балаларға арналған лицей, А.Досмұхамбетов атындағы гимназия) жаратылыстану-математика циклындағы пәндерді ағылшын тілінде оқытып отыр. Ағымдағы оқу жылында ағылшын тілін 1-3 сыныптар (22391 оқушы) оқуда», - деді Ш.Кәрінова.

2 3 4

Соңғы жаңалықтар