СҚО мектеп асханасынан тыйым салынған тағамдар табылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында «Нұр Отан» партиясы филиалының депутаттары мен мүшелері мектеп асханаларын тексерістен өткізіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Партия филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, мониторинг Қызылжар ауданының бірнеше мектебінде жүргізілген.

«Бәйтерек ауылында нормативтік-құқықтық актілермен тыйым салынған қуырылған қамырға оралған шұжық сатылған. Мониторинг тобының мүшелері ата-аналар шағым қалдыратын журналдың жоқтығы, ас мәзірінің сәйкес келмеуі, азық-түлік ақауларын анықтау бойынша кітаптың дұрыс рәсімделмеуіне байланысты ескертулер айтқан», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

null Партиялықтар аудан орталығы Бескөл ауылындағы мектеп-гимназия асханасынан бірқатар кемшіліктерді анықтаған.

«Онда таза ауызсу аппараттары да, бір рет пайдаланылатын стақандар да жоқ. Бәйтерек ауылында су ішу үшін пластмассадан жасалған ыдысты қолданған. Бұл дұрыс емес, гигиенаға сай емес. Ыдыс-аяққа да қатысты біраз мәселе бар. Жиһаз ескі, үстелдер шайқалып жатыр. Оқушы қолына ыстық шай алса, байқаусызда оны үстіне төгіп алып, күйік шалуы мүмкін ғой. Мұндағы ас мәзіріне де назар аудару керек, ол төрт апталық және күн сайынғы болуы тиіс», - деп атап өтті «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов.null

Бұл асхананы жалға алушы тендерді өткен жылдың соңында ұтып алғанын, ал жұмысқа қаңтар айында кіріскенін, сондықтан барлық мәселелерді шешіп үлгермегенін айтты.

«Соңғы айда аймақтағы 120 мектепте инспекция жүргізілген. Мониторинг тобының мүшелері есепке алу құжаттамасын, сарапшы комиссияның жұмысына қатысты материалдарды, диетолог немесе санитар бекіткен ас мәзірінің болуын, мектеп оқушыларының ауызсумен қамтамасыз етілуін және тамақтанудың нормаларға сәйкес болуын тексеріп жатыр», - деп қосып өтті баспасөз қызметінен.

Солтүстік Қазақстан облысында «Мектеп асханалары» партиялық жобасы биылғы жылдың басынан бері жұмыс істей бастаған.



Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар