СҚО мәслихатына бір мандатты округтер бойынша 15 депутат сайланды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Аумақтық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатына өту үшін қай кандидаттардың басым дауыс жинағанын жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі өңір әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайлау комиссиясының дерегінше, бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша 50 кандидат сайлауға түскен.

Комиссия қорытындысымен бір мандатты округтер бойынша келесі кандидаттар Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депуттатығына өтті:

№1 сайлау округі бойынша – Берік Жанахметов;

№2 сайлау округі бойынша – Александр Касьяненко;

№3 сайлау округі бойынша – Серік Жүкеев;

№4 сайлау округі бойынша – Ерлан Зікірин;

№5 сайлау округі бойынша – Ерлан Алпысов;

№6 сайлау округі бойынша – Орынбасар Ысқақова;

№7 сайлау округі бойынша – Сәуле Сұрағанова;

№8 сайлау округі бойынша – Владимир Бубенко;

№9 сайлау округі бойынша – Николай Кляйн;

№10 сайлау округі бойынша – Сергей Леонтьев;

№11 сайлау округі бойынша – Ольга Клишина;

№12 сайлау округі бойынша – Евгений Кинцель;

№13 сайлау округі бойынша – Павел Булаев;

№14 сайлау округі бойынша – Ирина Эктова;

№15 сайлау округі бойынша – Юлия Пронина.

Еске салайық, бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша партиялық тізім негізінде өткен мәслихат сайлауының қорытындысы шыққан болатын.


Соңғы жаңалықтар