СҚО Мамлют ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО Мамлют ауданына жаңа әкім тағайындалды. Басшыны аудан активіне облыс әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Руслан Әкiмжанұлы Аңбаев 1978 жылы Солтүстiк Қазақстан облысының Тимирязев ауданындағы Целинный ауылында туған. М.Қозыбаев атындағы Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетiнде экономист-менеджер, құқықтану бакалавры мамандықтары бойынша бiлiм алды.

Еңбек жолын 1999 жылы Тимирязев ауданы бойынша салық комитетiнде аудит бөлiмiнiң аға салық инспекторы болып бастады. 2002-2008 жылдары бас салық инспекторы, жанама салық аудитi, ұйымдастырушылық-құқықтық жұмыс пен салық өндiрiп алу бөлiмдерінің жетекшісі, аудандық салық басқармасы төрағасының орынбасары қызметтерiн атқарған. 2008-2015 жылдар аралығында Есiл, Тайынша аудандарының салық басқармасына басшылық еткен. Осы тағайындауға дейiн СҚО әкiмi аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Мамлют ауданының бұрынғы әкімі Жастілек Сыздықов былтыр 1 қыркүйек күні кәсіпкерден 185 мың рубль пара алып жатқан жерінде ұсталған болатын. Жақында сот оған 22 млн теңге айыппұл төлеу жөнінде үкім шығарды.

Соңғы жаңалықтар