СҚО Қызылжар ауданында бірнеше баспананы тонаған әккі ұрылар ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының Тепличное елді мекенінде бір айға жуық халықты зар илеткен ұрылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, пәтер ұрылары қазан айында Тепличное елді мекеніндегі 7 үйге түскен. Олар көзге іліккеннің бәрін – сантехниканы, құрылыс материалдарын, құрал-жабдықтардың қолды еткен. Қаскөйлерді ұстау үшін аудандық полиция бөлімінің тергеушілері және учаскелік полицей кешенді жұмыстар атқарды. Еңбектері зая кетпей күдіктіні анықтау мүмкін болды.

Криминалды полиция бөлімінің басшысы Дулат Сүлейменов, жеделуәкіл Нұртас Ибраев, аға лейтенанттар Рустам Әубәкіров пен Сырым Жанпеисов селоға кезекті рет келгенде жыл басында жазасын өтеп шыққан елді мекен тұрғынын байқайды. Тәртіп сақшыларының күдігі бекер болмапты, криминалистік және жедел іс-шаралар барысында оның ұрлыққа қатыстылығы расталып, ұрланған заттар тәркіленді.

«Қылмысқа қатысы бар екінші адамның да аты-жөнін анықтадық. Қазір оны іздестіріп жатырмыз. Ал күдікті - 36 жастағы Тепличное селосының тұрғыны қамауға алынды», - дейді Қызылжар аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Арман Жетепов.

Соңғы жаңалықтар