+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

СҚО құтқарушылары жаңа техникамен жарақтандырылды

2019 жылғы 28 желтоқсан 20:32
Бөлісіңіз:
СҚО құтқарушылары жаңа техникамен жарақтандырылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының өрт сөндіруші және апаттан құтқару қызметіне ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінен жаңа техника жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте Қазақстан жолдарында 750 адам құтқарылды Ішкі істер министрлігі боран кезінде құтқарылған адамдар туралы хабарлады Елордада төтенше жағдай жарияланды

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, құтқарушылар 8 өрт сөндіру техникасын алған. Оның ішінде 6 автоцистерна, 1 жол өтімділігі жоғары автобус және 1 жол талғамайтын (вездеход) техника бар. Олардың барлығы апаттан құтқару жұмыстарына арналған.

«4 автоцистерна қалалық бөлімшелерге берілетін болса, 3 техника Ғ.Мүсірепов ауданы мен Тайынша ауданының Келлеровка ауылына және Тимирязев ауданының Тимирязов ауылына жіберіледі»,-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ауылдық аумақтарда техника аса қажет. Олардың көмегімен құтқарушылар орталықтан шалғай жатқан аумақтарда да төтенше жағдайлардың алдын алып, жою жұмыстарын тиімді жүргізе алады. Техникалар әсіресе табиғат жағдайы күрделі аймақтарда жұмыс жүргізуге зор көмегін тигізеді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айдар Оспаналиев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT