СҚО кітапханасында 2-3 ғасырлық көне кітаптар музейі бар

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - 24 мамыр - Славян жазбалары мен мәдениеті күніне орай петропавлдық оқырман С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың музейіндегі сирек кітаптармен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ағайынды Кирилл мен Мефодий осыдан мыңдаған жыл бұрын славян жазбасының негізін қалады. Мамандардың айтуынша, әлемдегі әліпбилердің оннан бір бөлігі кириллицаның негізінде жасалған. Мерекеге орай С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері оқырман назарына сирек кездесетін кітаптар көрмесін ұсынды.

Сирек кітап музейі кітапханада 1996 жылы ашылды. Қазір мұнда түрлі жанрды қамтитын 3 мыңға жуық кітаптың сирек қоры жинақталған. Олар -әдебиет, ғылым классиктерінің көзі тірісінде шыққан туындылары. Музейде полиграфия және түптеу өнерінің тамаша үлгілерін де көруге болады. Солардың бірі 1056-1057 жылдары жарыққа шыққан "Остромирова Евангелия" атты кітап. Сондай-ақ Брокгауз бен Ефронның, ағайынды Гранаттардың энциклопедиялық сөздіктері бар.

Оқырман назарына ұсынылған кітаптардың бірі - псалтырь. Шамамен 18 ғасырда жазылған. Көне славян тілінде жазылған қасиетті кітап бүгінде ілуде бір кездеседі екен.
null

««Псалтырь» кітабын біз қазір оқи алмаймыз. Ол жерде жазулар көне славян тілінде жазылғандықтан тек қазіргі әріптерге ұқсастарын түсінуге болады, ал толықтай оқу мүмкін емес. Бұрыннан келе жатқан бұл кітапты кезінде біздің кітапхана өте қымбат бағаға сатып алды. Оны басқа еш жерден таба алмайсыздар. Тек мемлекеттік кітаптар қорында болуы мүмкін. Көптеген атақты ақын-жазушылар осы кітапты оқып өскен екен кезінде», - дейді кітапхананың бас библиографы Юлия Пискунова.
null

Іс-шара барысында келушілер сия-қаламдардың шығу тарихымен де танысты. Әр оқырман бүгінде қолданыстан шыққан сиямен жазып көруге де мүмкіндік алды.

Соңғы жаңалықтар