СҚО: қайырымдылық балындағы бәссаудада Винокуров пен Жақияновтың заттары сатылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлда өтетін бірінші қайырымдылық балында танымал спортшылар Винокуров пен Жақияновтың жеке заттары сатылымға шығарылады.

Ұйымдастырушылар ауыр дертке шалдыққан балаларды емдеу үшін 2 млн. теңге жинамақ.

Солтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері мен шенеуніктерінің қатысуымен болатын қайырымдылық бал ақпан айының соңында өткізіледі. Ол туралы бүгін орталық коммуникациялар қызметінің облыстық филиалында өткен брифингте «Қоғамдық келісім» КМБ-ның басшысы Әсемгүл Есқожа айтып берді.

«Бізде көмек бергіміз келіп отырған үш бала бар. Олардың барлығына шетелде емделу кеңес етілді. Біз 2 млн. жуық теңгені жинауды жоспарлап отырмыз. Шараға бизнес құрылымдарының басшылары, облыс жетекшілері қатысады.

Сондай-ақ бәссауда өткізіледі. Одан көп ақша жинауымыз үшін, спортшылар Винокуров пен Жақиянов өз заттарын берді», - деді Ә.Есқожа.

Соңғы жаңалықтар