СҚО инспекторлары 16 аққуды аяздан құтқарды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-11 қараша күндері Солтүстік Қазақстан орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторлары 16 аққуды суықтан құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Аққулар Петропавлға жақын маңдағы мұз болып қатқан су айдынында көзге түскен. Ұядан кеш шыққан балапандар болса керек. Ауланған құстар суы қатпайтын (№2 ЖЭО салқындатушы су айдыны) Белое көліне көшірілді», - деп жазды желідегі парақшасында ҚР АШМ орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Инспекция қызметкерлері осындай жағдайларды анықтап, жамандықтың алдын алу үшін облыс аумағында үнемі тексерістер жүргізіп отырады. 

Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар