СҚО ІІД-нің арнайы жасағы сүңгуірлік дағдыларды үйренді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Жедел қимылдау арнайы жасағының 15 қызметкері жеңіл-сүңгуір дайындығынан өткені туралы куәлік алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полицей ведомствосының мәліметтеріне сәйкес, ЖҚАЖ қызметкерлері тәжірибелі инструкторлардың жетекшілігімен бассейн мен Есіл өзенінің суына сүңгіді.

ЖҚАЖ командирі Ерік Құлжанов шараның басты мақсаты қызметкерлерді арнайы жеңіл-сүңгуір жабдықтарымен, қару-жарақтармен және техникамен жұмыс жасау дағдыларына үйрету болғанын айтты. Бұл су айдынында өз бетімен, сондай-ақ топ құрамында арнайы міндеттерді орындау үшіна аса қажет.

ЖҚАЖ мүшелері салқын өзен суына түскен кезде жағдайдың экстремалдылығы әсіресе қатты сезілетінін және бұл жаттығудағы басты мәселе тыныс алуды бақылап, үрейге берілмеу екенін айтады.

«Тәжірибеден белгілі болғандай, полицейлердің жедел түрде көрсетілетін көмегі жылдың кез келген мезгілі мен тәулігінде су тасқыны қаупі төнген адамдарға аса қажет», - деді баспасөз қызметінің өкілі.

Тамыз айында ЖҚАЖ-ның солтүстікқазақстандық офицерлері парашютпен секіруде әуе-десанттық дайындық теориясын пысықтап, қыркүйек айында су түбінде жүзу бойынша интенсивтік жаттығуларды бастады.

Соңғы жаңалықтар