СҚО халқы табысының жартысына жуығын азық-түлікке жұмсайды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тұрғындар тапқан табысының 45,6% азық-түлік тауарларын сатып алуға жұмсайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

СҚО статистика департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, екінші жарты жылдықта тұрғындардың жан басына шаққандағы ақшалай шығындары 171 мың теңгені құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,9% артық. Халық тапқан табысының ең үлкен бөлігін - 45,6% азық-түлік тауарларын сатып алуға жұмсаса, азық-түлік емес тауарларды сатып алу шығыстары – 23,6%-ды, ақылы қызметтерге жұмсалған қаражат - 18,2%-ды құраған.

Мамандардың ақпаратына сүйенсек, облыс тұрғындарының азық-түлікке жұмсайтын қаражатының негізгі бөлігі (27,2%) ет пен ет өнімдерін және нан және жарма өнімдерін (15,7%) сатып алуға кетеді. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде солтүстікқазақстандықтар негізгі қаражатты киім және аяқ киім сатып алуға жұмсайды екен.

Ақылы қызметтер шығындарында қаражаттың 35,6% тұрғын үй-коммуналдық қызметтерге жұмсалса, мәдени іс-шаралар мен демалысқа отбасы бюджетінен небары 5,4% бөлінген.


Соңғы жаңалықтар