+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО халқы көбіне денсаулық сақтау және білім саласының лауазымды тұлғаларына шағымданады

2021 жылғы 26 қазан 13:56
Бөлісіңіз:
СҚО халқы көбіне денсаулық сақтау және білім саласының лауазымды тұлғаларына шағымданады

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 18 тәртіптік іс қаралған. Соның 9-ында мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін теріс қылықтар жасағаны үшін және 9-ында мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін қызметтік тергеу жүргізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі СҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Бақыт Жанболов әдеп жөніндегі кеңестердің жұмысы жайында айтты.

Биыл 18 тәртіптік іс қаралды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 іске артық.

14 лауазымды тұлға мемлекеттік қызметке нұқсан келтіретін теріс қылық жасағаны және Әдеп кодексінің нормаларын бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылса, 4 тұлғаға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды.

«9 айдың ішінде мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасына 113 өтініш келіп түсті. Департаменттің құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша атқарып жатқан профилактикалық жұмыстарына қарамастан кей мемлекеттік органдарда заңнама талаптарын сақтау бойынша жағдай өзгермейді, мәселен қаралған 48 өтініштің 24-і, яғни жартысы расталды. Талдау көрсеткендей, басым бөлігі лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің заңсыз актілеріне қатысты. Шағым көбіне денсаулық сақтау және білім беру салаларына қатысты түседі. Жүргізілген тексерулер мен қарастырылған өтініштер аясында 11 адамның құқықтары қалпына келтірілді», - дейді Бақыт Жанболов.

Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау желісі бойынша есепті кезеңде мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша 9 тексеру жүргізілді, оның барысында 196 құқық бұзушылық анықталды.

«Тексеру кезінде мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын шектейтін фактілер анықталады. Мысалы, заңнамаға сәйкес, мемлекеттік қызметшілер үздіксіз оқытудан өтуі қажет. Көліктік бақылау инспекциясында қосымша кәсіби білім алу үшін мемлекеттік қызметшілерді оқытуға жібермеу фактілері тіркелді. Тағы бір мысал, тәртіптік жаза қолдану кезінде санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауапкершілікке тарту кезінде олардың құқық кепілдіктері сақталмаған, бұл да мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларына қайшы келеді», - дейді басқарма басшысы.

Бақыт Жанболовтың айтуынша, мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасы қызметінің тағы бір бағыты - мерзімнен тыс жұмыс істеуді жою.

Күн тәртібін сақтау және мерзімнен тыс жұмыс істеу фактілеріне жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдарда қолжетімділікті есепке алуды бақылау жүйесі орнатылып жатыр.

Нәтижесінде 2019 жылдан бастап мерзімнен тыс жұмыс істеу 4 есе төмендеген.

Сонымен қатар, Департамент қызметтік автокөлікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалану мәселесін тұрақты бақылауда ұстайды.

Рейд барысында жергілікті атқарушы органдардың басшылары немесе олардың жүргізушілері қызметтік автокөлікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдаланатыны анықталды.

Олар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT