СҚО халқы қажетті көмірмен 90 пайыз қамтылған

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары жылыту маусымына қажет көмірмен 90 %-ға қамтылды. Тұйықтарда түрлі маркалы көмірдің 26 тоннасы жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-ның қоғамдық кеңесі жылыту маусымының өту барысын пысықтады.

Жауапты ведомство – СҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, жағдай қалыпты, жылыту маусымы қалыпқа сай өтіп жатыр.

Басқарма басшысының міндетін атқарушы Евгения Островскаяның айтуынша, облыста барлығы 490 қазандық бар, оның 24-і – орталық қазандық.

«Бюджеттік мекемелерге қажетті көмір дер кезінде – жазғы уақытта жеткізілді. Қажеттілік – 141 мың тонна. Ал тұрғындар бір қыста 419 мың тонна көмір пайдаланады. Оның 90%, яғни 376 мың тоннасын жеткізіп алды. Көмірге қатысты мәселе жоқ. Тұйықтарда 26 мың тоннасы жатыр, соның ішінде 1,3 мың тоннасы Петропавлда. Қазір 2450 тонна Қаражыра, 1330 тонна Шұбаркөл, 1470 тонна Майкөбе және 350 тонна Екібастұз көмірі жолда келе жатыр», - дейді Елена Островская.

СҚО-да көмірдің бағасы маркасына қарай тоннасына 10 мың теңге мен 17,5 мың теңге аралығында.

«Жылыту маусымының өту барысына басқарма күнделікті мониторинг жасап отыр. Сондай-ақ тұйықтардағы көмірдің мөлшері де қадағалауда», - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы Елена Островская.


Соңғы жаңалықтар