СҚО халқы 2 маусымда Сенат депутатын сайлайды: 4 үміткер бар

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Сенат депутатын сайлау 2 маусым өтеді. Өзін-өзі ұсынған 4 кандидат тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да Сенатқа қайта сайлау Гүлмира Кәрімованың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты өтеді.

СҚО аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өңірден ҚР Парламент Сенатының депутаттығына 7 адам кандидатурасын ұсынды.

Оның бірі тиісті заңның талаптарына сәйкес келмегендіктен өтпей қалды. Біреуі сайлауға түсуден өз еркімен бас тартты.

Құжаттардың толық тізімін ұсынбаған тағы бір кандидат тіркеуден өте алмады.

Нәтижесінде екі ер адам және екі әйел тіркеуден өтті. Олар:

- Мелехов Сергей Владимирович, 1987 жылы туған, СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы. Өзін-өзі ұсынушы.

- Касенова Рауза Ивановна, 1965 жылы туған, СҚО дін істері басқармасының басшысы. Өзін-өзі ұсынушы.

- Әсем Қалашбайқызы Рахметова, 1980 жылы туған, «AMANAT» партиясы«ҚБ СҚО филиалының төрағасы. Өзін-өзі ұсынушы.

- Анатолий Брониславович Рафальский, 1955 жылы туған, Қазақстанның Астық Консорциумы директорының орынбасары. Өзін-өзі ұсынушы.

Ал 21 мамыр жексенбі күні 5 ауданда, 7 ауылдық округте ауыл әкімдерінің сайлауы өтеді.


Соңғы жаңалықтар