СҚО-ға өзге өңірлерден соңғы бес жылда 10 мыңға жуық адам көшіп келген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 10 мыңға жуық адамға 576,6 млн теңгенің атаулы әлеуметтік көмегі көрсетілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Халықтың әлеуметтік осал топтарына мемлекеттік қолдау шараларын көрсету туралы» тақырыбында брифинг өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ринат Елжасовтың айтуынша, биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аяқталады. Өңірде соңғы 4 жылда оған 118 мыңнан астам адам қатысқан.

«2016 жылдан бастап облысқа республикамыздың еңбек күші артық өңірлерінен 9649 адам немесе 2812 отбасы көшіп келді. Еңбекке қабілетті 4566 адамның 3561-і жұмыспен қамтылды.Жалпы, осы жылдар ішінде бағдарламаның тиімділігіне көз жеткіздік. Биылғы 3 тоқсан қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,8%-ды құрады», - дейді Ринат Елжасов.

Маманның айтуынша, басқарма халықтың әлеуметтік осал топтарына қолдау көрсетуге ерекше мән береді. Жыл басынан 2331 отбасына немесе 10 мыңға жуық адамға 576,6 млн теңге атаулы әлеуметтік көмегі көретілген. 2020 жылдан бастап 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар үшін ай сайын азық-түлік және тоқсан сайын тұрмыстық химия жиынтығы түріндегі кепілдендірілген әлеуметтік көмек біріліп келеді. Биыл 2 290 балаға осы мақсатта 89,2 млн теңге жұмсалған.

«Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қолдау әлеуметтік қорғаудың маңызды бөлігі. Биылдан бастап Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы оңалтудың техникалық құралдарын және оңалту қызметтерін алуға болады. Жыл басынан порталда 8895 тапсырыс ресімделіп, 86,5%-ы орындалды», - дейді әлеуметтік қызметкер.


Соңғы жаңалықтар