СҚО-ға көшіп келушілер көбейді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бірінші тоқсанда СҚО-ға қоныс аударушылар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,4% артты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО статистика департаментінің мәліметінше, өңірдің халық саны көші-қон есебінен 1319 адамға азайды. Үш айда облысқа шетелден және республиканың басқа өңірлерінен тұрақты тұруға 1465 адам көшіп келді, бұл 2018 жылғы қаңтар-наурызға қарағанда 7,4%-ға артық. Облыстан көшіп кеткендер саны - 2784 адам. Бұл - 19,8% артық. 688 адам шет елдерге қоныс аударса, Қазақстанның басқа өңірлеріне 631 адам көшіп отыр.

Сыртқа кететіндер негізінен ТМД мемлекеттерін таңдайды екен. Оның ішінде 99,6%-ы Ресей Федерациясына қоныс аударған.

Сондай-ақ, облысқа ТМД елдерінен келгендердің арасында ең үлкен үлес осы көрші мемлекетке тиесілі - барлық келгендердің 78%-ын құрайды. Жалпы иммигранттардың 85,7%-ы ТМД елдерінен келген.

Статистика мамандарының есебінше, әлемнің басқа елдеріне облыстың 88 тұрғыны қоныс аударды, облысқа тұрақты тұруға 22 адам келді. Өңір тұрғындары негізінен - 95,6%-ы Польша және Германияға көшеді екен. Көшіп келгендер арасында Қытай және Германия тұрғындары басым, шамамен 95% құрап отыр.

Өңіраралық көші-қон бойынша келгендер саны 2018 жылғы қаңтар-наурыз айларымен салыстырғанда 8,3% көбейген - 1311 адамды құрады. Ал кеткендер саны - 1942 адам. Мигранттардың 41%-ы Ақмола облысынан, 23,8% - Нұр-Сұлтан қаласынан келді. Кеткендердің де ең үлкен үлесі осы өңірлерге тиесілі.

Соңғы жаңалықтар