СҚО-ға көшіп келгендердің басым бөлігі - Моңғолия мен Қытайдан

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына жыл басынан 2 мыңнан астам адам қоныс аударса, осыдан екі есе көп адам көшіп кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО Статистика департаментінің мәліметінше, өңірге жыл басынан 2398 адам көшіп келген. Алайда 4131 адам қоныс аударған. Бұл - 2019 жылғы қаңтар-маусымға қарағанда 33,1% аз. Миграциялық кему 1 733 адамды құрады.

«Облыс аумағынан көшіп кеткендердің 94,4%-ы ТМД елдеріне қоныс аударса, сондай-ақ өңірге тұруға келгендердің 87,1%-ы ТМД елдерінің азаматтары. СҚО-дан шыққан эмигранттардың негізгі бөлігін - 98,9% Ресей қабылдайды. Облысқа ТМД елдерінен келгендердің арасында да Ресей көш бастап тұр, оның үлесі 89,2%», - дейді СҚО Статистика департаментінің бас маманы Ольга Бубенко.

Әлемнің басқа елдеріне облыстың 56 тұрғыны қоныс аударды, ал 44 адам өңірге тұрақты тұруға келді. Шетелге кететіндер негізінен Польша және Германияны таңдайды. Оларға басқа елдерге кеткендердің 94,6%-ы қоныс аударды. Көшіп келгендер арасында Монғолия және Қытай тұрғындары басым, олардың үлесі - 65,9%.

Аймақаралық миграция кеміген. Еліміздің басқа облыстарынан 2058 адам көшіп келсе, 3 134 адам қоныс аударды. СҚО-ға мекенжайын өзгерткендердің басым бөлігі Ақмола облысының және Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Өңір тұрғындары да негізінен осы көрші аймақтарға қоныс аударады екен.


Соңғы жаңалықтар