СҚО-ға келетін шетелдік туристердің саны екі есе артты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысына былтыр 126 мың турист демалуға келген. Осылайша, соңғы үш жылда демалушылардың саны 39% артты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысына демалуға келушілер негізінен Айыртау ауданын таңдайды. Туристерді аймақтың әсем табиғаты, соның ішінде Шалқар мен Имантау секілді айдын көлдері қызықтырады. Мамандардың айтуынша, Шалқар көлі суының құрамы теңіз суына пара-пар.

«Туристерге ыңғайлы болу үшін аймақта байқау алаңдары, туристік соқпақтар мен кемпингтік аймақтар пайда болады. Келушілердің атпен қыдыруына мүмкіндік жасалады», - дейді СҚО әкімінің орынбасары Дәурен Жандарбек.

Өңірге келетін шетелдік демалушылардың 80% - Ресей Федерациясының көрші облыстарының тұрғындары. Осыған байланысты көрші мемлекетпен байланыстыратын үш күре жолдың жағдайы жақсарады. Нәтижесінде жолға кететін уақыт 30% қысқармақшы.

Жалпы, былтыр СҚО-ға 126 мың адам демалуға келген. Бұл соңғы үш жылмен салыстырғанда 39% артық. Соның ішінде шетелден келетін туристердің саны 5 мыңнан 11,5 мыңға жетіп, екі есе көбейген.

Болашақта Шалқар-Имантау курорттық аймағында жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстар нәтижесінде бір маусымда 400 мың адамға дейін қабылдауға мүмкіндік тумақ.

null null

Соңғы жаңалықтар