СҚО-ға Астананың ұлттық музейінен 100 картина әкелінді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында Астана қаласының мәдени күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш шара аясында «Ақ тілекпен Астана» атты көрме өтті. Оған елордадан қазақстандық суретшілердің үздік 100 туындысы әкелінді.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, «Ақ тілекпен Астана» шығармашылық жобасы жас елорданың әлемнің қарқынды дамып келе жатқан астаналарының бірі ретінде ондағы сурет өнерінің дамуын көрсетуге бағытталған.

null

Астана қаласы мәдениет пен спорт басқармасы басшысының орынбасары Нарима Мұхамбеталинаның айтуынша, көрмеге 50-ден астам суретшілердің стилі мен дәуірі бір-біріне ұқсас емес туындылары қойылған. 

«Біз Солтүстік Қазақстан облысына қызықты мәдени бағдарлама алып келдік. Көрмеден бөлек, солтүстікқазақстандық тұрғындар Астананың шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін «Астанадан ақ тілек» атты гала-концертті тамашалай алады. Жас көрермендер үшін елордалық қуыршақтар театры «Мәңгілік бала бейне» қойылымын сахналайды. Бейсенбі күні кешке Оpen air концерті өтеді», - деп бөлісті Н.Мұхамбеталина.

nullnull

Соңғы жаңалықтар