СҚО: Есілдің ескі арнасына ластанған су қайдан келгені анықталып жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті Есілдің ескі арнасына ластанған судың қайдан құйылып жатқанын тексеріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өзен арнасындағы ластанған су туралы экологтарға жергілікті балықшы хабарлаған. Ол өзеннің ескі арнасында ластанған судың мейлінше күшті қарқынмен ағып жатқанын аңғарған.

«Талдау үшін үлгілер алдық. Нәтижелері бес күнде дайын болады. Мұның кәріз жүйесінен келген су емес екенін алдын ала айтуға болады. Азот тобы мөлшерінің артқаны байқалмайды. Ауыр металдар үлесі нормадан асып кеткен. Бұл құбырлар жауын-шашын кәріздерінен келген суды шығаруға арналған. Қыстыгүні одан неліктен су ағып жатқанын анықтаймыз. Тексеріс жүргізу үшін тиісті органдарға да хат жібереміз», - дейді экология департаментінің басшысы Ермек Омаров.

Оның айтуынша, ластанған су ескі арнамен ағып отырып, Есіл өзенінің бассейніне құйылады.



Авторы: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар