СҚО: Екі қыз көлге батып кете жаздады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында құтқарушылар бір күнде үш адамды өлімнен арашалап алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Пестрое көлінде құтқарушы Руслан Асқапов екі кішкентай қызды құтқарып алған. Бірі 12, екіншісі 10 жасар екі қыз арнайы шомылу құралынсыз көлде шомылып жүріп, жағаға жете алмай қалған. Қыздардың бағына орай, құтқарушы дер кезінде қажет жерден табыла білді.

Дәл сол күні Р.Асқапов әріптесімен бірге 52 жастағы ер адамды да құтқарды. Масайған ер адам су бетіндегі қалқыманы қуамын деп жүріп, жағаға жете алмай қалған.

Құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауға, балаларды қараусыз қалдырмауға, мас күйде суға түспеуге шақырады.

Өңірдегі су айдындарында 17 адамның өлімі тіркелді, соның алтауы шомыламын деп суға батып кеткен.

Автор: Олеся Жуковень

Соңғы жаңалықтар