+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

СҚО диқандары биыл 5 млн-ға жуық тонна бидай алуды жоспарлап отыр

2020 жылғы 11 тамыз 22:53
Бөлісіңіз:
СҚО диқандары биыл 5 млн-ға жуық тонна бидай алуды жоспарлап отыр

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында кей шаруашылықтарда астыққа орақ түссе, қара бидай жиналып бітуге жақын, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының мәліметінше, биыл өңір диқандары 4,2 млн га жерге дәнді дақыл екті, соның 2,8 млн га-ы – бидай. Қазір алқаптарда күзгі және қара бидай орағы қызған, шаруалар 5,9 мың га-дың дақылын жинап алулары қажет.

«Облыста қара бидай орағы шілде айының соңында басталды. Бірнеше аудан бұл науқанды аяқтады. Яғни 5,1 мың га алқаптың астығы жиналды. Бұл – 86%. Гектарынан орта есеппен 21,6 центнерден өнім алынып жатыр», - дейді СҚО Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Қуандық Шакубаев.

Биыл жаздың ыстық болуына байланысты астық ерте пісті. Осыған байланысты өңірдегі кей агроқұрылымдар бидайдың жиын-терімін бастап кетті. 135,9 мың га астығы бастырылып, қамбаға 180 мың тоннадан астам бидай құйылды.

«Былтыр 4,4 млн тонна бидай алдық. Гектар берекелігі 15,6 центнерден айналды. Биыл да шамамен сол межеден көрінбекпіз. Яғни 4,6 млн тонна астықты қамбаға құюды жоспарлап отырмыз», - дейді Қуандық Шакубаев.

Мамандардың айтуынша, СҚО-да күзгі орақ науқаны жаппай тамыздың 15-інен кейін басталмақ.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT