СҚО диқандары 5 млн. тоннаға жуық жаңа астық жинады (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Биыл Солтүстік Қазақстанда аймақ диқандары шамамен 5 млн. тонна бидай жинады. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесінде облыс әкімі Ерік Сұлтанов айтты.

«Биыл өнімді ауыр жағдайда өсірдік. Жаз жаңбырлы әрі суық болды. Өкінішке қарай, 1 қыркүйекке қарай дәнді дақылдарымыздың негізгі бөлігі пісіп үлгермеді. Жаңбырлы күзден кейін 17 қыркүйекте қар жауды. Осының барлығы өз әсерін тигізгенін айтпасақ да түсінікті. Жауын-шашынсыз өткен 15 күн бүкіл өнімді жинап алуға жеткіліксіз болды, алайда бүгінде оның 94 пайызы бастырылды. Өнімділік орташа - әр гектардан 15 центнерден. Біз 20 гектардан көп болады деп үміттенген едік. Үлкен шығындар бар. Бүгінгі күні 4,7 млн. тонна бидай бастырылды», - деді Е.Сұлтанов.

Биыл аймақ диқандары 4-5 сұрыпты астық пен 50 пайыздан кем түспейтін 3 сұрыпты астықты алды.

«Осының барлығы өніміміздің өзіндік құнына әсер етті. Астық өте дымқыл болғандықтан, кептіруге тура келді. Бірқатар жағдайларда шаруалар бір тоннадан 11-15 мың теңге көлемінде шығындалды. Биыл мемлекет бидай бағасын көтерді, сондықтан биылғы жыл шаруаларымыз үшін үлкен шығынсыз болатынына үміттенеміз», - деп түйіндеді сөзін аймақ басшысы.

Соңғы жаңалықтар