СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары алғашқылардың бірі болып КВИ-ге қарсы егілді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында коронавирусқа қарсы вакцинация басталды, алғашқылардың бірі болып екпені денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманов алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманов коронавирусқа қарсы вакцина алып, әсерімен бөлісті.

«Вакцина алғаннан кейінгі жағдайым жаман емес, өзімді жақсы сезініп отырмын. Соңғы рет шамамен 10 жыл бұрын екпе алған екенмін, сол себепті қобалжу бар. Ине піскенде ауырмайды, саусақтан қан алғанмен бірдей, сол себепті қорқудың қажеті жоқ.

Медперсонал барлық талаптарды орындап, өз міндеттерін сауатты орындап жатыр. Қазір 30 минуттан кейін қайта тексерілемін», - деді Нұрлан Айманов.

Дәрігердің айтуынша, қазіргі таңда вакцинация - коронавируспен күрестің, әрі қарай таралмауының тиімді жолы екенін әлем мойындап отыр.

«Халықты көбірек вакцинациялау арқылы біз тізбекті үземіз. Осылайша сырқаттанғандар санын азайтып, бұрынғы тыныш өмірімізге қайта ораламыз.

Кеше түнгі сағат 03.00 шамасында 1200 доза – бірінші компоненті жеткізілді. Оның барлығы негізінен медициналық қызметкерлерге егіледі. Бүгін түске дейін медициналық мекемелерге бөліп бердік. Вакцина 13 ауданда және Петропавл бойынша 4 пунктте – барлығы 17 жерде егіледі. Әзірге күнделікті қанша адамға екпе жасалатындығын айту ертерек. Алайда бір екпе егу кабинетінде медқызметкерлер ең көп дегенде 60 адамды қамтитын болады», - деді СҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрлан Айманов.


Соңғы жаңалықтар