СҚО делегациясы Ресейдің Түмен облысындағы инвестициялық форумға қатысады

None
None
ТҮМЕН-ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Ресейдің Түмен облысының үкіметі қазақстандық серіктестердің мемлекетаралық сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған ұсыныстарын қолдауға және ұсынуға дайын. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мұхтар Мәнкеевпен болған кездесуде Түмен облысының губернаторы Владимир Якушев мәлімдеді, деп хабарлайды «Тюменская линия» агенттігі.

Мұхтар Мәнкеевтің айтуынша, ынтымақтастықты дамытудың ең басым бағыттарының бірі - ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу және табиғи экологиялық азық-түліктерді шығару.

«Солтүстік Қазақстан - еліміздің сарқылмас қоры. 2015 жылы біз елімізде ең көп астық жинадық. Көптеген қазақ инвесторлары Түмен облысында өз тәжірибесін қолданып, азық-түлік шығару бойынша шағын модульдік өндірістерді ашуға дайын», - деп атап өтті СҚО әкімінің орынбасары.

Владимир Якушев Мұхтар Мәнкеевтің Түменде қазақстандық өнімдердің бір күндік жәрмеңкесін өткізу ұсынысын қолдады.

Солтүстік Қазақстан облысынан келген қонақтарды сондай-ақ түмендік машина жасау кәсіпорындары және мұнай-газ және энергетикалық кешендер үшін жабдықтар шығаратын компаниялармен ынтымақтастық қызықтыруда, деп атап өтті Мұхтар Мәнкеев.

Қазақстандық делегация Түмендегі үшінші инвестициялық форумға белсенді қатысады, деп хабарлады тілшілерге сұхбат берген Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
Фото: kaztv.kz

Соңғы жаңалықтар