СҚО: Дәрігерлер аялдамада зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Петропавлдың үшінші қалалық ауруханасында жеңіл көліктің автобус аялдамасына соғылуынан зардап шеккен екі адам жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәрігерлер егде жастағы ер адам мен жас әйелдің жағдайын тұрақты, орташа ауыр деп бағалауда. Зардап шегушілер естерін біледі, еркін сөйлесуде.

«Әйелдің денесінде көптеген кесілген жарақаттар болды. Ер адамның аяқ-қолы, сан сүйегі сынған. Оның жалпы жағдайы мен қосымша жасалатын суреттерге (рентген) қарап, ота жасау мәселесі шешіледі. Әзірге ешқандай қажеттілік жоқ», - деді травматолог Евгений Никонов. 

Зардап шегушілер ауруханада кем дегенде 10-12 күн болады.

Сондай-ақ облыстық балалар ауруханасында үлкен жіліншік сүйегі сынған 8 жасар бала жатыр.

Еске салайық, жексенбі күні автомобиль автобус аялдамасына соғылған болатын. 6 адам, соның ішінде үш бала зардап шекті. 

Соңғы жаңалықтар