Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.87 EUR 422.40
RUB 5.87 CNY 54.85
Jańalyqtar

СҚО-дан Ресейге 3,1 келі героин жеткізбек болған адам сотталды

2019 жылғы 19 сәуір 01:12 618
Бөлісіңіз:
СҚО-дан Ресейге 3,1 келі героин жеткізбек болған адам сотталды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысынан Ресейге контрабандалық жолмен 3,1 келі героин жеткізбек болған адам сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Келесте 1 гектарға жуық алқапқа көкнәр еккен азаматтар ұсталды Петропавлда есірткі жарнамалайтын жазбалармен күрестің жаңа жолы табылды

«ҚР ҰҚК Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті аса ірі мөлшерде есірткіне өткізу мақсатында оны заңсыз сақтаған және тасымалдауды жүзеге асырған Қазақстан Н.Досмұхамедовтің заңға қайшы әрекетін анықтап, жолын кесті», делінген хабарламада. 

 

Атап айтқанда, 2018 жылғы тамызда Н. Досмұхамедовтің Ресейге героин партиясын контрабандалық жолмен жеткізбек болғаны туралы департаментке мәлімет келіп түскен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Н. Досмұхамедов Петропавл қаласынан шыққан кезде ұсталды. Оның көлігін тексеру кезінде жасырылған 3,1 келі героин табылып, тәркіленді.

2019 жылғы 7 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Н. Досмұхамедов ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімі бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары түзеу колониясында өтейді. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
MURAǴAT