СҚО-дағы Сергеевское су қоймасында су қалыпты деңгейден 46 см көтерілді

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеевское су қоймасының тарихындағы судың ең жоғары көтерілуі 2017 жылы тіркелген еді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РМК филиалы су қоймасының іргесі қаланған уақыттан бері бөгеттің ернеуінен су тасу деректерін жинаған.

2017 жылы аймақта соңғы жылдардағы ең қатты су тасқыны болды. Ол кезде судың тасу мөлшері 338 см-ге жетті. Бұл – Сергеевское су қоймасының бүкіл тарихындағы жалғыз жағдай. 1986 жылғы судың асып кету деңгейі аталған көрсеткішке сәл жуықтап, 280 см-ді құраса, 1985 және 1987 жылдары 270 см-ден болды. Су 1980, 1983, 1985-1987, 1990, 1994, 2002, 2005, 2007, 2014, 2016 және 2017 жылдары бөгет қырынан 2 м-ден асып кеткен болатын.

Сергеевское су қоймасы көктемде мүлде толмаған, яғни судың толып кетуі байқалмаған жағдайлар да болды. Бұл 1975 жылдан бері екі рет, 2009 және 2010 жылдары болған. Ернеуіне сәйкесінше 128 және 111 см жетпей қалды.

Биыл максималды деңгей 46 см-ді құрап отыр. Бірақ бұл рекордтық төмен көрсеткіш емес. 1992 жылы толып кету көрсеткіші небәрі 13 см, ал 1999 және 2000 жылдары одан да аз, сәйкесінше 8 және 6 см болды. 2006 жылы аталған көрсеткіш бар болғаны 2 см-ді құраған болатын.

Солтүстікқазақстандық «Қазгидромет» мамандары көктемгі су тасқыны барысына облыс аумағында ғана емес, Есіл өзенінің барлық су жинау алаңында да түрлі факторлар әсер ететінін қосты. Оның ішінде жауын-шашын мөлшері, қар жамылғысындағы су қоры, топырақтың қату тереңдігі, оның ылғалдануы, температуралық фон бар.


Соңғы жаңалықтар