СҚО-дағы сепаратизмді насихаттау ісіне қатысты тергеу басталды - Бас прокуратура

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бас прокуратура әлеуметтік желіде тараған бейнежазбаға - Солтүстік Қазақстан облысындағы оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«30 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментімен әлеуметтік желілерде «Петропавл қаласы жұмысшыларының халық кеңесі» («Народный совет трудящихся города Петропавловск») құрылғаны жөніндегі бейнероликті орналастыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 180-бабының 2-бөлігімен (БАҚ пайдалана отырып адамадар тобымен сепаратизмді насихаттау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді басталды.

Осы күні облыстық полиция департаменті мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің тергеушілерінен жедел-тергеу тобы құрылды.

Іс бойынша процесс прокурорлары айқындалды», - деп жазды ведомстводан.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жедел-тергеу іс-шаралары, оның ішінде тінту мен алу жүргізілуде, сондай-ақ тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге деректер жария етiлуге жатпайды.

Тергеу барысы Бас прокуратураның бақылауында.

Соңғы жаңалықтар