СҚО-дағы сайлау процесін 6 халықаралық байқаушы қадағалауда

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына Парламент Мәжілісіне және барлық деңгейдегі мәслихаттарға депутаттардың сайлауына шетелден тек 6 байқаушы ғана келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО-да бүгін 650 сайлау учаскесі жұмыс істеп жатыр. Өңір бойынша барлығы 399 375 сайлаушы бар. Олар 5 партиядан тіркелген 469 кандидатқа дауыс береді.

Ал сайлаудың барысын бұл жолы тек 6 халықаралық байқаушы ғана бақылайды. Олардың барлығы - Ресейдің Түмен облысынан келгендер.

«Коронавирус инфекциясы биылғы сайлауға әсер етпей қойған жоқ. Көпшілігі қауіпті вирусқа байланысты келуге бас тартты. Ресейлік бақылаушылардың барлығы ПТР тест тапсырды. Жалпы биыл облыс бойынша да бақылаушылардың саны көп емес. Бас санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес ғимараттың аумағы ескеріледі. Яғни, орын саны шектелген», - дейді СҚО сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Сергей Калинин.


Соңғы жаңалықтар