СҚО-дағы мектеп ғимараты әдейі бұзылған

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да апатты жағдайда тұрған мектепке жапсарлас ғимарат әдейі бұзылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21сәуір түнгі уақытта Тайынша қаласындағы №1 орта мектептің жапсарлас ғимараты бұзылып алынды. Оның жалпы аумағы 18 шаршы метр. Атқарылған жұмыстар балалардың мектепте оқуын жалғастыруына кедергі әкелген жоқ.

«Қыста ғимарат қабырғасында жоғарыдан төмен кеткен жарық пайда болды. Құзырлы мекемелер тексере келе, жапсарлас салынған бұл ғимаратты бұзу туралы қорытынды шығарды. Ол жерде апат кезінде шығатын есік болған. Сондықтан күн жылынғасын оқу жылының аяқталғанын күтпей бұзып алу туралы шешім шығарылды», - делінген облыстық әкімдіктің ақпаратында.

Еске сала кетсек, аталған мектеп ғимаратына жапсарлас салынған нысанның опырылып түскені туралы хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар