СҚО-дағы Қызыл оба қонысында қазба жұмыстары басталады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының сұлу табиғаты туристік кластерді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Солтүстік Қазақстан облысының табиғаты әдемі. Бұл - туристік кластерді дамытуға мүмкіндік береді», - дейді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов.

Сондай-ақ, ол 2020 жыл туризм саласында елеулі оқиғаларға толы болатынын айтты.

«Ботай қонысындағы қазба жұмыстарына 40 жыл толады. Уәлиханов ауданынан табылған Қызыл оба қонысында қазба жұмыстары басталады. Бұл жұмыстар арқылы еліміздің солтүстігінде орта ғасырлық қала мәдениеті жақсы дамығанын дәлелдей аламыз», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар