СҚО-дағы колонияда 200-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында Қылмыстықатқару жүйесі департаменті БАҚ өкілдеріне ЕС-164/6 мекемесінде баспасөз турын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс-шара барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ЕС –164/6 мекемесінің негізгі нысандары - асхана, медициналық бөлім, жасақтар, өндірістік аймақ, кинологиялық қалашық, монша-кір жуу кешенінде болды.

СҚО ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ЕС-164/6 мекемесі – жалпы ұстау режиміндегі Қазақстандағы алты әйелдер колониясының бірі.

Онда түрлі қылмыстар үшін 200-ден астам әйел жазасын өтеп жатыр. Олар негізінен СҚО, Қостанай және Ақмола облыстарының тұрғындары.

Орта білімі туралы аттестаты жоқ сотталғандар кешкі мектепте білім алады. Қазір онда 30 жасқа дейінгі 24 қыз-келіншек 9 бен 12 сыныпта оқып жатыр.

Індетке байланысты туғандарымен кездесуге шектеу қойылғандықтан сотталғандар жақындарымен интернет арқылы бейне қоңырау шалып, тілдесе алады.

СҚО бойынша ҚАЖД бастығының орынбасары Александр Кочкиннің айтуынша, мекеме аумағында бірнеше жеке кәсіпкер өз ісін ашқан. 173 сотталған бірнеше тігін цехында, жылыжай мен асханада жұмыс істейді.

Еңбекақылары 20-50 мың теңге шамасында.

«Коронавирус инфекциясының алғашқы толқынында сотталғандар арасында 8 адам сырқаттанды. Олардың екеуінің өкпесі қабынса, қалғаны коронавирустың жеңіл түрін жұқтырды. Өзімізде арнайы провизорлық орталық бар. Қауіпті вируспен күреске дайынбыз», - дейді Александр

Кочкин.


Соңғы жаңалықтар