СҚО-дағы көлік апатынан 6 адам зардап шекті
СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 қазан күні «Көкшетау-Рузаевка» автожолында Айыртау ауданы Саумалкөл ауылының маңында Mercedes-Benz автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарама-қарсы бағытына шығып кетіп, «ГАЗель» автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан алты адам зардап шекті: 39 жастағы әйел және 9 жасар қыз бала бірден орталық аудандық ауруханасына жеткізілгенімен дәрігерлер олардың өміріне араша түсе алмады. Mercedes-Benz автокөлігін басқарған Ақмола облысының 39 жастағы тұрғыны, сондай-ақ 1956 жылы туған «ГАЗель» автокөлігінің бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді. «ГАЗель» автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісіне және оның 27 жастағы жолаушысына медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйлеріне жіберілді.
Жол-көлік апаты Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Бірнеше қажетті сараптамалар тағайындалды.