СҚО-дағы инфляция деңгейі белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында сәуірдегі ең төменгі күнкөріс шегі есептеп шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық статистика департаментінің ақпаратына сәйкес, өңірдегі ең төменгі күнкөріс шегі 25 829 теңгені құрады. Егер өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырар болсақ, күнкөріс шегі 5пайызға өсіп отыр. Бұл ретте тұрғындар шығыстарының құрылымында әлі де болса ет пен балық, сүт пен жұмыртқа, жеміс-жидек пен көкөніске жұмсалатын қаражатының көлемі басым болып тұр. Азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтерге шығындары 11 623 теңгені құрайды.

Бұған қоса, өткен жылдың қорытындысында күнкөріс шегінен төмен табыс табатын облыс халқының саны 4,7 пайызды құрады.

Департаменттің атап өтуінше, қала және ауыл тұрғындарының кірістеріндегі айтарлықтай дифференциация сақталып отыр. Кірісі күнкөріс тегінен төмен қалалықтардың үлесі 3,9, ал ауылдықтар 5,3 пайызды құрайды. ауылдық жерлердегі кедейшілік деңгейі қалалықтарға қарағанда 1,4 есе жоғары.

Өңірдің статистика мамандары қаңтар-сәуірдегі инфляция деңгейін де есептеп шығарған. Олардың деректеріне сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысындағы статистика 2 пайызға жуықтаған. Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлардың бағасы қымбаттаған. Жаңа жиналған көкөніс бағасы айтарлықтай өскен. Атап айтқанда, тәтті бұрыш 19, шалқан тәрізді пияз 17 пайызға, ал ақбас қырыққабат екі есеге қымбаттаған. Тек картоп қана 7 пайызға арзандаған. Жеміс-жидек, ұн, күріш, кондитерлік тағамдар, нан мен макарон және тағы да бірқатар азық-түлік түрлері солтүстікқазақстандықтардың қалтасына салмақ сала түсті. Киім-кешек пен аяқт киім, дәрі-дәрмек, кеңсе заттары, ыдыс-аяқ жууға арналған сұйықтықтар, тұрмыстық техника бағасының да өсімі тіркеліп отыр. Қатты отын 4, бензин 2,1, дизель отыны 1,4 пайызға арзандаған.

«4 айда халық ақылы қызметтер нарығындағы тұрақсыз баға ахуалын байқады. Жекелеген қызмет түрлеріне баға мен тарифтердің төмендеуі, ал кейбіріне жоғарылауы байқалды. Бұл ақылы қызметтердің баға индесінің 100 пайыз деңгейінде қалыптасуына алып келді», - деп атап өтеді статистика департаментінен.

Соңғы жаңалықтар