СҚО-дағы Есіл өзенінде балықтың неден қырылғаны белгілі болды

None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында тамыз айында Питное көлі мен Есіл өзенінде тіркелген балықтардың қырылу себебі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экология департаментінің мәліметінше, Жамбыл облысы Миролюбово ауылына жақын жердегі Питное көлінде балықтардың қырылуы өсімдік жамылғысының ыдырауы кезінде пайда болған күкіртті сутегінің жиналуынан болған.

Сергеев су қоймасы маңындағы Есіл өзеніндегі балықтар судағы еріген оттегінің азаюынан қырылды.

Бұл ауа мен судың жоғары температурасына байланысты болды.

Ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында Жамбыл және Шал ақын ауданының әкімдігіне су айдындарына тұрақты мониторинг жүргізу ұсынылды.

Питное көлінде су қоймасының гидрохимиялық режимін жақсарту үшін артық өсімдіктерді шабу және аэрация бойынша мелиорациялық жұмыстар қажет.

Балық шаруашылығы мелиорациясы мүмкін болмаған жағдайда мелиорациялық балық аулау қажет.


Соңғы жаңалықтар