СҚО-дағы екі зауытта қосымша 150 жұмыс орны ашылады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев Петропавл қаласына жұмыс сапары кезінде отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің жетекші кәсіпорындарына - Киров атындағы зауыт (КаЗ), Петропавл ауыр машина жасау зауыты (ПАМЗ) және «ЗИКСТО» АҚ-на барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, сапар барысында Асқар Жұмағалиев кәсіпорындардың өндірістік қызметімен және шығарылатын өнім желісімен танысты. Сондай-ақ, «КаЗ» және «ПАМЗ» АҚ басшылары министрді нәтижелері бойынша ішкі және сыртқы нарықтарға бағдарланған бәсекеге қабілетті жаңа өнім шығаруды игеретін технологиялық жаңғырту барысы туралы хабардар етті.

Өз кезегінде, вице-премьер Асқар Жұмағалиев алдағы 2 жылда осы зауыттарды технологиялық жаңғыртуға 6,6 млрд теңге салынатынын атап өтті.

«Мемлекет зауыттарды жаңғыртуға қомақты қаржы бөледі. Осының арқасында қосымша 150 жаңа жұмыс орны ашылады, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін өте маңызды. Өз кезегінде, біз сізден сапалы, бәсекеге қабілетті өнім күтеміз», - деді А.Жұмағалиев.

Ол кәсіпорындарға қазірдің өзінде өнімді сату және ұзақ мерзімді кепілдендірілген тапсырыстар алу үшін экспорттық бағыттарды ойластыруды тапсырды.

Премьер - Министрдің орынбасары жұмыс сапары барысында «ЗИКСТО» АҚ-да да болып, зауыттың өндірістік цехтарын және кәсіпорынның өнімдерін аралап көрді.

Сапар нәтижесінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев ҚӨК кәсіпорындарын дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Жұмыс сапарының соңында Асқар Жұмағалиев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің қорытынды есеп беру кездесуіне қатысты.

Айта кетерлігі, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ 1928 жылы салынған. Зауыт мұнай-газ саласы мен темір жол көлігі үшін автоматика құралдарын шығарады, кешенді, локомотивтік қауіпсіздік құрылғылары мен радиостансалардың сериялық өндірісі игерілді.

Ал, «ЗИКСТО» АҚ 1993 жылы құрылған. Зауыт вагондарды (жартылай вагондар, астық тасығыштар, платформалар) шығарады, жартылай вагондардың, вагондардың қызмет ету мерзімін ұзарта отырып, күрделі жөндеуді, элементтерді, арнайы өнімдерді ауыстыра отырып, дөңгелек жұптарын дайындауды және жөндеуді жүзеге асырады.

Сондай-ақ, «ПАМЗ» АҚ 1993 жылы құрылған. Зауыт арнайы мақсаттағы машиналар мен жабдықтар шығарады.

Соңғы жаңалықтар