СҚО-дағы екі ауылда учаскелік полиция пункті ашылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында екі учаскелік полиция пункті жаңа нысанға көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа ғимаратқа көшірілген учаскелік полиция пунктінің бірі Шағалалы ауылдық округінде орналасқан. Округ құрамына Шағалалы, Степное және Южное елді мекендері қарайды, 1 323 тұрғыны бар. Оларға бір учаскелік полиция инспекторы – Ерлан Әбілов қызмет көрсетеді. Енді тәртіп сақшысы ыңғайлы, бар жағдай жасалған жаңа ғимаратта жұмыс істемек.

Жаңа учаскелік полиция пункті екі қабатты ғимараттың бірінші қабатында фельдшерлік-акушерлік пунктпен көрші орналасқан. Бөлек есігі бар. Ал екінші қабатында тұрғын бөлмелер бар, оның біреуі учаскелік полиция инспекторына бұйырды.

Екінші жаңа учаскелік полиция пункті Григорьев ауылдық округінде, Трудовое елді мекенінде пайдалануға бірелді. Мұнда да тәртіп сақшысы бір ғимаратта жұмыс істеп, тұратын болды.

Григорьев ауылдық округіне Трудовойдан бөлек Григорьев, Көктерек, Кенжеғалы елді мекендері қарайды. Ерекшелігі 5 шақырымдай жерде аудан орталығы Смирново елді мекені орналасқан. Бұл ауылдық округте полиция лейтенанты Шыңғыс Амантаев тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Жалпы қазіргі уақытта СҚО-да 289 учаскелік полиция инспекторы және олардың 69 көмекшісі бар. Олар өздеріне бекітілген учаскелерде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, полиция есебінде тұрғандармен жұмыс істейді, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алуға жұмыс істейді.


Соңғы жаңалықтар