+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

СҚО-дағы 5 ауыл колледжінің техникалық базасы жаңартылды

2021 жылғы 22 шілде 14:38
Бөлісіңіз:
СҚО-дағы 5 ауыл колледжінің техникалық базасы жаңартылды

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында «Жас маман» жобасы аясында 5 ауыл колледжі жаңғыртудан өтіп, қажетті техника алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Бірінші сыныпқа қабылдау үшін 325 мыңнан астам өтініш түсті - БҒМ Қазақстандық ғалым Ыбырайтанудың тұлғалық модель жобасын дайындады СҚО-да 37 білім ордасы сенімгерлік басқаруға берілді

СҚО білім басқармасының мәліметінше, биыл облыстағы колледждердің материалдық-техникалық базасы жаңартылып жатыр.

Оқу орындарына қондырғы алуға 1,4 млрд теңге бөлінген. Шілде айының басында бұл қаражаттың 1 262,4 млн теңгесіне, яғни 91 %-ына конкурс өтті. 713 млн теңгенің техникасы жеткізілді.

Колледждерге ClAAS тракторлары, John Deere комбайндары, сондай-ақ қазір ауыл шаруашылығында қолданылатын басқа да заманауи техника алынды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дәнекерлеушілерді әзірлеу үшін дәнекерлеу қондырғысы бар оқу кабинеті алынды.

Сүт өндірісінің техник-технологтарын даярлау үшін май жасайтын оқу блоктары, сепараторы, ал етті бағыт бойынша білім алып жатқандарға ірі қара малдың модульді қасапханасы, стенд-планшеттер, т.б. қондырғылар жеткізілді.

Бұған қосымша жергілікті бюджеттен 179,5 млн теңге бөлінген. Оған қондырғыларды орнату, зертханаларды, оқу кабинеттерін жөндеу жұмыстары жүргізілмек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT