СҚО-да жыл соңында полиция қызметі 91 жас маманмен толықты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл соңында полиция қатары 91 жас офицер және сержантпен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомствосының биылғы соңғы бұйрығы шығып, 91 жігіт жұмысқа алынды. 15 маман лауазымға тағайындалса, 8 офицер құрметті еңбек демалысына шықты.

Полиция қатарына алынғандардың ішінде әке жолын қуғандар да бар. Уәлиханов ауданындағы Оразовтар отбасы үшін бүгін ерекше күн. Полиция майоры Қалқаман Оразов құқықтық тәртіп органдарында 27 жыл қызмет атқарды. 30 желтоқсанда зейнетке шыққан полицей, бұл күні қызметке алғаш кіріскен ұлына офицер погонын табыс етті.

Патрульдік полиция батальонының аға инспекторы екі ұлының ізін басып, әке жолын жалғағанын армандаған. Енді үлкен ұлы Олжас «заңтану» мамандығы бойынша университетті аяқтап, аудандық полиция бөліміне тергеуші болып жұмысқа орналасты. Ал кенже ұлы Алмат алдағы жылы ҚР ІІМ жоғарғы оқу орнына түсуді жоспарлап отыр.

«Мен ұлдарыма жүрегің қалаған жолды таңда деп айтқаныммен, олардың мен сияқты полиция қызметкері болғанын қаладым. Тұңғышым қызметке енді кірісіп жатыр. Балам халыққа, Отанға адал қызмет етеді деп сенемін», - дейді Қалқаман Оразов.


Соңғы жаңалықтар