СҚО-да жыл басынан полицияның 5 қызметкері парамен ұсталды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаев патрульдік полицейлермен кездесіп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында әңгімелесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция ведомствосының басшысы Марат Төлебаев жергілікті полиция қызметінің патрульдік полицейлерімен және оның басқа да бөлініс қызметкерлерімен кездесті. Мақсат – қызметкерлердің тәртіпті және заң бұзуына жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Полиция полковнигі погон таққан заң бұзушыларға қатысты өзінің бірбеткей позициясын білдірді.

«Қыркүйек айында патрульді полиция қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол беріп, ұсталды. Ол әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін пара алды деп күдіктелуде. Оның ісі тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Қатаң шара қызметкерге ғана емес, оның бірқатар бастықтарына да қолданылды», - деді Марат Төлебаев.

Жыл басынан СҚО-да полицияның бес қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол берді. Олардың бір бөлігі - патрульді полиция қызметкерлері.

«Портативті бейнетіркегіштерді дұрыс қолданбауға және бекітілген патрульдеу бағытынан ауытқуға жол бермеу керек. Патрульдік автомашиналардағы стационарлық бейнекамералар бейнені ғана емес, дауысты да жазады, бұл - полиция жұмысының ашықтығын көрсетуі тиіс», - деді полиция ведомствосының басшысы.

Жеке құраммен кездесу барысында Марат Төлебаев қызметкерлерге халықпен сыпайы сөйлесіп, қажет болған кезде олардың құқықтары мен мүдделерін қорғауда көмек көрсету керектігін ескертті. Өйткені тәртіп сақшыларының басты міндеті – ықпал ету шараларын қолданып жазалау емес.

Облыстың бас полицейінің айтуынша, ведомство жұмысына цифрлық ресурсты енгізудің сыбайлас жемқорлықпен күресте берері мол. Әлеуметтік желіде де халықпен кері байланыс орнатылған, департамент, басқарма басшылары үнемі тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп жүр. Қызметкерлердің заңсыз әрекеті жайлы СҚО ПД ресми аккаунттарына да хабарлауға болады.


Соңғы жаңалықтар