СҚО-да жыл басынан бері улы газдан қорғайтын 348 қондырғы орнатылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында биыл 600-ге жуық өрт тіркелді. Тілсіз жаумен күресу мақсатында мамандар күн сайын рейд ұйымдастырып, өртке қарсы датчиктерді орнатып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мамандар әсіресе жеке тұрғын үй секторын назарға алған. Өйткені өрттің 80% тұрғын үй секторында шығады.

«Облыста жылыту маусымы басталғалы 40-тан астам өрт тіркелді. Тілсіз жаудан 3 адам көз жұмып, 4 кісі жарақат алды. Жалпы, биыл өрттен қаза тапқандардың саны 22% артып, 30-дан астам адам мерт болды. Сондай-ақ 23 тұрғын түрлі дене жарақатын алған», - дейді СҚО ТЖД басқармасының бастығы Игорь Балеев.

Өрттің алдын алу мақсатында төтенше жағдайлар департаментінің мамандары жылыту маусымы басталғаннан бері 32 мыңнан астам баспананы аралаған. Рейдке қалалық мәслихаттың депутаттары да қатысып, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі туралы, пешті, газ және электр құралдарын пайдалану кезінде абай болуды ескертіп жатыр. Осындай іс-шаралар барысында әлеуметтік жағдайы нашар отбасылардың үйлеріне өртке қарсы датчиктер орнатылады.

Петропавл қаласы Жұмысшы кентінің тұрғыны Елена Даниленконың жеті баласы бар. Ең кішкентайы 5-те ғана. Даниленконың үйіне де өртке қарсы қондырғы қойылды. Жалпы, жыл басынан облыс бойынша көпбалалы отбасылардың, жалғыз басты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі адамдардың үйіне 348 улы газ «датчигі» орнатылды.

Соңғы жаңалықтар