СҚО-да жыл басынан бері шамамен 572 нәресте дүниеге келді

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстанда бала туылу деңгейінің 11,7 пайызға төмендеуі байқалып отыр.

«2016 жылдың қаңтар айында 572 баланың дүниеге келуі (алдағы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 11,7 пайыз аз) мен 573 бала өлімі (3,1 пайыз көп) тіркелген. Ағымдағы жылдың бірінші айында 177 неке, 138 ажырасу тіркелді.

2016 жылдың қаңтар айында облысқа 1334 адам келіп, 1445 адам көшіп кетті», - делінген аймақтың статистика департаментінің хабарламасында.

Негізгі миграциялық алмасу ел ішіндегі көші-қонға тиіп отыр. Облыс көлемінде 903 адам тұрғылықты жерін ауыстырған. 385 адам республиканың басқа аймақтарына кетті, Солтүстік Қазақстан облысына 370 адам келген.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде есепте тұрған азаматтардың саны 2016 жылдың ақпан айының соңында 1711 адамды құрады.

Экономикалық белсенді тұрғындардың ішінде тіркелген жұмыссыз азаматтардың үлесі 0,5 пайызды құраған, 1281 адам жұмысқа орналастырылды.

Соңғы жаңалықтар