СҚО-да жыл басынан бері азық-түлік 7,1 пайызға қымбаттады

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан азық-түлік 7,1 пайызға қымбаттаса, кей өнімдердің маусымдық арзандауы байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұлттық статистика бюросы СҚО бойынша департаментінің мәліметінше, өңір бойынша инфляция 5,6 % құрап отыр.

Азық-түлік өнімдері бағаның өсуі бойынша бірінші орында тұр. Жыл басынан бері 7,1 % қымбаттаған.

Соның ішінде май бағасы 13,4 % өсіп, бірінші орынға шықты.

Екінші орында нан тұр, сегіз айдың ішінде оның құны 11,4 % өскен.

Бұдан басқа ұн - 9,9 %, жармалар - 9,3 %, балық пен балық өнімдері – 7,6 %, ет – 6,8 %, және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер - 4,2 % қымбаттады.

Көкөністердің бағасы жалпы 14,3 % өскен, алайда соңғы уақытта қияр 28,8 %, қызанақ 15,9-ға арзандады.

Темекі өнімдерінің бағасы 14,6%, спирттік ішімдіктер 6,2 %, алкогольсіз сусындар – 6,6 % өскен.

Ал жұмыртқа 12,9 %, күріш 7,2 %, тары 5,4 % және макарон 3,8 % арзандады.

СҚО-да жыл басынан автокөлік бағасы да өскен, мамандардың есебінше 7,3 % қымбаттап отыр.

Үй тұрмысына арналған тауарлар 5 %, жуып-тазалауға арналған құралдар 4,1 %, кітап-кеңсе тауарлары 3,9 %, киім мен аяқ киімнің кей түрі 3,1 %, фармацевтикалық өнімдер 2,7 % қымбаттаған.

Бензин бағасы 14,3 %, ал дизель отыны 7,5 % өскен.

СҚО тұрғындары үшін электр қуаты 18,5 %, газ 9,9 % қымбаттаған. Сондай-ақ кей қызметтердің де құны өсіп отыр.

Соның ішінде пошта қызметі 6,5 %, нотариус 5 %, сақтандыру 3,6 % қымбаттады.

Бұдан басқа солтүстікқазақстандықтар киімді жөндету үшін 6,9 % артық төлейді, ал қоғамдық тамақтану қызметі 4,8 % дейін қымбаттаған.


Соңғы жаңалықтар