СҚО-да жыл басынан бері 400-ден астам мас жүргізуші ұсталды

Фото: None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында жыл басынан 456 мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақтағы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметінше, қызметкерлер осындай фактілерді анықтау және жолын кесу үшін мақсатты жұмыстар жүргізуде.

«9-маусым күні кешке Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Набережная-Хименко көшелерінің қиылысында Toyota көлігін тоқтатқан. Жүргізуші алкогольдік масаң күйде болған. Полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 608-бабы бойынша материал жинады. Сот 43 жастағы қала тұрғынын 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырды. Сонымен қатар ол 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды», - деп жазды ведомстводан.

Облыста жыл басынан бері мас жүргізушілердің қатысуымен 8 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Барлығы 96 жол апаты орын алып, оның салдарынан 15 адам қаза тапқан, 142 адам жарақат алды.


Соңғы жаңалықтар