СҚО-да жыл басынан бері 2,5 мың шетелдік уақытша тіркелген

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында шетелдіктер еңбек патенттерін және көші-қон қызметімен байланысты басқа да мемлекетік қызметтерді жылдам ресімдейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған былтыр ашылған көші-қон қызметтерін көрсету орталығы септігін тигізді. Бұл жерде мемлекеттік қызметтің 18 түрін алуға болады.

«Қызмет көрсету алаңы секторларға бөлініп, күту орындарымен, «ресепшнмен» жабдықталған. Қызметкерлер азаматтарды еш кедергісіз қабылдайды. Бейнебақылау жүргізіледі. Жеке табыс салығын төлем терминалдары арқылы төлеуге болады. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі тұрғындардың ғимаратқа кедергісіз кіріп мемлекеттік қызмет түрлерін алуға қолайлы жағдайлар қарастырылған. Ғимаратқа кіреберіс пандуспен және орталық қызметкерлерін шақыруға арналған қоңыраумен жабдықталған», - дейді СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы полиция майоры Талғат Әбілов.

Мамандардың мәліметінше, СҚО-на негізінен Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінің азаматтары жалданып еңбек етуге келеді. Жыл басынан 293 еңбек мигранты тіркеуден өткен. Олардың басым бөлігі құрылыс саласында еңбек етеді. Шетелдіктердің айтуынша, бұрын жұмыс істеуге рұқсат алу үшін бірнеше күн қажет болса, қазір бір сағат ішінде құжат алуға болады.

Көші-қон қызметі орталығы үш ай ішінде 3 мыңнан астам мемлекеттік қызметті көрсетті. 2537 шетелдік уақытша тіркеліп, 54 шетелдікке тұрақты тұруға рұқсат берілді.

Соңғы жаңалықтар