СҚО-да жыл басынан бері 170 млн теңгенің дәрі-дәрмегі тегін таратылды

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысына 508 млн теңгеге тегін дәрі-дәрмек тиеліп, жіберілуге дайын тұр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«СК-Фармация» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, СҚО-да қаңтар айында сырқаттарға 170 млн теңгенің тегін дәрі-дәрмегі үлестірілді. Мәселен қант диабетімен ауыратындарға 50,1 млн теңгенің, артериалды гипертензиясы барларға 45 млн теңгенің, ал онкологиямен ауыратындарға 17,6 млн теңгенің препараты берілді.

Жалпы, 2020 жылға өңірдегі медициналық мекемелер 6 млрд теңгеге тапсырыс жасаған.

Бірыңғай дистрибьютордың хабарлауынша, СҚО тұрғындары Қазақстан бойынша жүгіну санынан алтыншы орында тұр. Дәрі-дәрмектің уақтылы жеткізілмеуіне қолайсыз ауа райы себеп болған. Жолдар ашылған соң тегін препараттар өңірге жеткізіле бастады.

Былтыр, мамандардың айтуынша, СҚО-да сырқаттарға 4 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін таратылды. Биыл бөлінетін қаражаттың ұлғаюына жаңа аурулар тобының енгізілуі себеп болған. МӘМС жүйесі аясында пациенттер енді кей препараттармен тегін қамтылады.


Соңғы жаңалықтар