+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

СҚО-да жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін тақпауы жиілеп кеткен

2021 жылғы 21 шілде 02:43
Бөлісіңіз:
СҚО-да жүргізушілердің қауіпсіздік белдігін тақпауы жиілеп кеткен

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан жол қозғалысы ережелерін бұзуға қатысты 30 мыңға жуық дерек тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
СҚО полицейлері «Жолда қабылдау» акциясында 150-ден астам сұраққа жауап берді

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол қозғалысы ережелерінің талдауы жүргізушілердің көбіне қауіпсіздік белдігін пайдаланбайтынын көрсеткен. 6 айдың ішінде осындай 2817 факті анықталды. Бұл – облыс жолдарында жасалатын ереже бұзушылықтардың әр оныншысы.

«Ұстап қалатын құрылғыларды пайдаланбау – жол-көлік оқиғасы кезінде ауыр салдарға алып келуі мүмкін. Жол қозғалысы ережелерінің талаптары көп жылдық тәжірибені ескерумен әзірленген, аталған ереже адам өмірі мен денсаулығын сақтауды көздейді. Көлік тізгінінде ұялы телефонды пайдалануға тыйым салынған, бұл да аса маңызды. Жүргізушіні көлік басқару барысында басқа еш нәрсе алаңдатпауы тиіс. Бұл жолға велосипедшілер мен скутер жүргізушілері, көшеге балалар шыққан жаз мезгілінде аса өзекті. Жарты жылдың ішінде рөлде отырып телефонмен сөйлесудің 1 423 фактісі тіркелді», - дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқаршы Александр Розбах.

Жыл басынан жылдамдықты асыруға қатысты 2 812 дерек тіркелген.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT