+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

СҚО-да жүргіншілер жолағы арқылы жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті

2021 жылғы 15 қазан 11:48
Бөлісіңіз:
СҚО-да жүргіншілер жолағы арқылы жолды кесіп өтпек болған әйелді көлік қағып кетті

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облысында трассаны арнайы жолақ арқылы кесіп өтпек болған жүргіншіні жеңіл көлік қақты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
«Нұр-Сұлтан-Көкшетау» тасжолында отшашу  тиелген жүк көлігі өртенді СҚО-да биыл 1,8 млн малға екпе егілді 700-ден астам атыраулық жүргізуші көліктеріне ксенон таққан

Жол-көлік оқиғасы Қызылжар ауданы Бескөл ауылында болды. Елді мекенді екі бөліп өтетін автожолды жүргіншілер жолағы арқылы кесіп өтпек болған әйелді жеңіл көлік қағып кетті. Апат орнынан түсірілген бейнежазба әлеуметтік желіде тарады.

Қызылжар аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, оқыс оқиға 14 қазан күні сағат 18.30 шамасында «Жезқазған-Петропавл» тас жолының 950 шақырымында болған. Volkswagen маркалы жеңіл көлік мінген 1952 жылғы Петропавл тұрғыны Бескөл ауылының тұрғыны 1973 жылы туған әйелді қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы жаяу жүргіншілер жолағында болды. Дене жарақаттарын алған әйел медициналық мекемеге жеткізілді.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Көлік құралдарын жүргізушілердің жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша енгізілді.

Оқиға орнында Қызылжар аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы жұмыс істеді. Сотқа дейінгі тергеу барысында полицейлер істің мән-жайын анықтап жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059

MURAǴAT