СҚО-да жүк тиегіш трактор мен автокөлік соқтығысты

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында жүк тиегіш ауыр техника мен жол талғамайтын автокөлік соқтығысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Мамлют ауданындағы Белое елдімекенінің жанында болған. Жол-көлік апатының фотосуреттері әлеуметтік желілерге тарап кетті. Одан жеңіл көлікке қатты зақым келгенін көруге болады. Автокөліктің жүргізушісі де, қасындағы төрт жолаушы да аман қалды.

«Lexus RX-330» автокөлігінің жүргізушісі жүк тиегіш тракторға соғылды. Апат салдарынан жүргізші мен оның жолаушылары түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.

«Жол-көлік апатына қатысты «Автокөлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жол ережелерін немесе көлік құралдарын пайдалануды бұзуы» қылмыстық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - делінген СҚО ПД баспасөз қызметі берген ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар